Көрші Ләззат

-Эээээй! – деп күле шыңғырып жіберді де, маған жылдам жақындап, қарымта шапалақпен салып жіберді.

Күн керемет өтті. Ал кешке аяқ астынан топ ете Ләзка туралы ойлай бастадым. Басымда сан-алуан қиялдар кетті…хмм…қандай екенін түсініп тұрған шығарсыздар. Мен өзімнен бұндайды күтпеген едім. Таңертеңгі кішігірім әзіл ара-қатынасымызды басқа арнаға бұрарын кім білген?! Бұған дейін дос деп санап жүрген Ләззат енді мен үшін басқа адам, оған бірінші рет жігіт ретінде көз салдым. Ғашық болып қалдым деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олай емесіне сенімдімін.

загрузка...

Арамыздағы флирт жалғаса берді: оны біресе ақырын итеріп жіберемін, бірде бөксесінен абайлап тартып қаламын (қорқамын ба, ұяламын ба, қайдам!). Кейде бөлмесіне баратынмын, қыздармен түрлі тақырыптарға дауласып, артынан жастықпен қағысып, бөлменің паша-пашасын шығарып ойнайтынбыз. Ләзканың таңертең ашық киінетіні, кешкісін клубтарға жиі баратыны енді мені ашуландыра бастады. Таңертең қолжуғышта кезігіп қалдық. Бұл жолы оған байсалды түрмен ескерту жасадым:

-Ләз, кішкене қыз емессің ғой. Осындай түрмен жүруге болады ма екен?
-Қойшыы, жай ғана киінуге ерінемін, – деді ол күле.

Ашуланбадым. Тек өтіп бара жатқанда құйрығынан тартып жібердім. Бұл жолы белдемшесінің сыртынан емес, әдейі сабақ болсын деп матаны үстіге көтеріп, жалаңаш терісінен қолымды салып қалдым. Бәрі қас-қағым сәтте болды, себебі келесі секундта оның іш киім кимегенін түсіндім. Белдемшесінің астынан тыр жалаңаш екен. Тұрған жерімде қатып қалдым, не істерімді белген жоқпын. Бұрылдым да, кешірім сұрай бастадым. Аңыраған аузымен, көздерін жыпылықтата ол маған тесіліп қарап тұр. Оқиға орнынан із суыттым. Жігіттер сабаққа ертерек кетіп қалған. Бөлмемнің есігін жауып, арқаммен сүйендім. Біреуден қашып келіп, жасырынып тұрғандай. Егер әлі де түсінбесеңіздер, мен қарапайым, бірақ тентек баламын. Кейде жасаған әрекетім үшін қаааатты, жерге кіріп кетердей ұяламын. Әрі қарай не істерімді білмедім.

загрузка...

Есік тықырлады, біреу қағып тұр. Ашсам – Ләззат. Ренжулі ме, ашуланып тұр ма, – жүзінен түсіну қиын. Үнсіз кірді, артынан есік жабылды. Бір минут ештеңе демей менен көз алмады. Қызарғаным-ай! Бұдан бетер ешқашан ұялып көрмеген шығармын, сірә… ал ол назарын менен өзгеге бұрар емес. Жанына тақалып, тағы да кешірім жаудырта бастадым. Ішімнен «енді өзің ғой әрі-бері ашық-шашық жүрген» деп айтқым келсе де, қазір олай деуге қолайсыз сәт екенін түсініп тұрмын.

Ләзка қалт еткен жоқ. Белінен құшақтап, аузыма келген беталды заттарды айта бастадым (не дегенім нақты есімде жоқ, сондағысы мәнсіз заттар шығар). Ол көзін түсіріп, белінде тұрған менің қолыма қарады. Содан кейін жақындады да… біз сүйісе бастадық. Дәл осы сәтте өлердей қорықтым, себебі оның ойында не барын білген жоқпын, мүмкін тілімді тістеп алғысы келген шығар… Басымдағы ойлар сан-саққа жүгірді.

Абайлап сүйісе бастаған біз бірер сәттен кейін құштарлана сүйісіп жаттық. Бұрын-соңды болмаған эмоциялар! Ләззат керемет сүйіседі екен, менің қозғаным сонша, жай ғана сүйіскеннен шегіме жете жаздадым. Қолымды оның шашына жіберіп, есімді білмей басын, шашын сипалап жатырмын. Ол болса, менің оянған серігімді сипалай бастады. Спорттық шалбардың сыртынан оның жылы алақанын сезіп тұрмын. Сөзбен жеткізу қиын бұл әсерді!

1 2 3 4

Leave a Comment