Көрші Ләззат

Университеттің алғашқы үш курсында маған жатақханадан орын бұйырмады. Бірақ, бос төсектер бары бәріне белгілі еді. Тым алыс тұрмасам да, оқуға бару және үйге қайту үшін жолға бір сағаттан кетіретінмін. Уақыт өте келе бұл қиындықтар туғыза бастады. Сөйтіп, деканатқа арыз жазып, озат оқитынымды ескерулерін сұрап, ақыр соңында жатақханадан бір орын бөлгіздім.

Үш орынды бөлмеге орналастым. Менімен бірге өзімнен кішірек екі студент тұратын, екеуі де көңілді жігіттер. Жатақхананың бір блогінде: төрт бөлме, бір әжетхана, екі раковинасы бар бір қолжуғыш және айна. Ас үй бір қабат тұрғындарына ортақ.

загрузка...

Біздің жанымызда өте көңілді, мейірімді, жақсы үш қыз тұратын. Бағы жанғыш адам екенмін, себебі басқа блоктар мен қабаттарда тұратын таныстарым көршілері жайлы түрлі ақылға кірмейтін заттар айтып, үнемі шағым түсіруші еді. Ішкіш, төбелескіштері көп екен. Біздің көрші қыздарға үстіңгі қабаттан үнемі құрбылары қонуға келетін. Себебі оның бөлмесінде ұйықтау мүмкін емес: бірге тұратын көршілері біртүрлі қорқынышты ән тыңдайды да, даладағы уақыт пен жан-жағындағы адамдардың не істеп жатқанына қарамастан, кез-келген уақытта даңғырлатын қосып қояды.

Көршілерімнің арасынан өзім артық көретінім – Ләззат. Қыздардың үлкені, менімен жасты. Мейірімділігімен, жарқын жүзімен, жігерлілігімен баурап алды. Жаңадан келгенде көп көмектескен, содан жақсы тіл табысып кеттік. Оны бірден ұнатып қалды деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ, олай емес. Басында мен оны мүлдем байқамайтынмын, көрші тұратын қыз ретінде қабылдадым десе де болады.

Кездесіп жүрген қызым ол кезде жоқ, өзім де біреумен жүруге асыққан емеспін. Ботан болмасам да, мен үшін оқу маңызды еді. Ләззат маған СӨЖ тапсыруға, реферат жазуға көмектесетін, мен де қолымнан келгенше жәрдемдестім. Оның жігіті болған-болмағанын білмеймін, жанынан жігіт атаулыны көрген жоқпын. Жақсы дос болып кеттік. Адамдарға да, өмірге де ашық. Ләззат жеңілтек қыздардың қатарынан емес, бірақ кейде ашық киінетін әдеті бар, жігіттермен өзін еркін ұстайтын.. Таңертең киетін сүйікті киімі – қысқа топик пен белдемше. Бұдан сымбаттырақ болғанда, жігіттердің назарынан тыс қалмасы анық. Қалай айтсам екен…Ол «тәбетті» еді. Жо-жоқ, мүлде толық емес, бірақ сонда да арықтардың қатарынан емес. Шынымды айтсам, маған ұнайтын қыздарға ұқсамайды. Мен оған жігіттің көзімен емес, дос ретінде қарайтынмын.

загрузка...

Бір күні неге екені есімде жоқ, бірақ көңіл-күйім айтарлықтай көтеріңкі еді. Маған тән емес жеңілдік. Тостағанымды жуайын деп бөлмеден қолжуғышқа шықтым (иә, бәрі ыдыс аяғын тамақтанғаннан кейін жуса, жатақханада тек тамақ ішу үшін шаятынбыз). Осы уақытта бөлмесінен Ләззат та күліп шықты. Екеуіміз амандасқанымыз сол еді, мен оған бірінші рет қысқа белдемшесі туралы ескерту жасадым. Ерекше көңіл-күйімнің әсері ғой бәрі, басқа күндері батылым жетпесі сөзсіз.
-Ләззат, қашанғы осылайша жалғасады?! Аясайшы бізді, – дедім мен, жанынан өте бере. Өзім үшін күтпеген жерден бөксесінен ойнақы қағып жібердім.

1 2 3 4

Leave a Comment