Жазғы фото.

Бұл жазда, маусым айының ортасында болған еді. Шетелге шығатын мүмкіндік пайда болды, бірақ менде загран паспорт болмады. Паспорт жасату үшін фото керек екен. Сол үшін жұмыстың арасында фотоға түсетін салон іздедім. Қай жерге барсамда барлығында кезек көп, барлығы бос емес. Әйтеуір ескі бір ауданнан кішкентай ғана фотоателье таптым. Басқа амалым болмағаннан сол жерге суретке түсуді шештім.

Кірсем бірінші бөлмесі ұсақ-түйектен тұратын шағын ғана екен. Үстелдің басында жазғы көйлекте әдеміше келген қыз отыр екен.

загрузка...

– Саламатсыз ба?! – дедім. – Суретке түсуге бола ма?

– Мына жаққа, – деп сол жақтағы есікті нұсқады.

Есік қағып, ішке кірдім. Тап бала кезімдегідей. Қараңғы бөлме. Ортасында үш аяқты немесе төрт аяқты фотоаппарат тұр. Фотограф шамамен қырық жастағы арықша келген ер адам екен. Ол да қара түсті киініп алған.

загрузка...

– Саламатсыз ба?! Маған паспортқа фотоға түсу керек еді.

– Отырыңыз, – деп орындыққа қарай көрсетті. Бұндай жестикуляция үшін, жиырма жылдай фотоға түсіру керек шығар. – Тәк, басыңды сәл солға сосын кішкене көтер. Қозғалмаңыз.

Ол фотоаппараттың обьективін ашты да, сәлден соң қайта жапты.

– Қанша көшірме керек?

– Төрт дана жетеді ғой деп ойлаймын.

– 600 теңге.

– Қашан алып кетсем болады?

– Ертең осы уақытта

– Ертерек болмай ма? Ертең таңертең кездесуім бар еді.

– Онда кешке, жабылуға таман келіңіз.

– Аха, рақмет!

Риза болып, жұмысқа қарай асығып кеттім. Бір сағатқа ғана сұранғанмын, бірақ бір жарым сағаттан астам кешіккендіктен асығу керек болды. Бастық тағы да жұмыспен отырғызып қойғаны болмаса бәрі жақсы болар еді. Сағатқа қарағанымда бес жарым болыпты. Барымша жылдадығыммен фотоательеге қарай жүгірдім.

Фотоательенің алдында жетіден он минут кеткенде болдым. Есікті ашып қарасам, ашық екен. Қуанышым ұзаққа созылмады. Кішкентай бөлме ашық, қыз кітапқа бірдеңе жазып отыр, бірақ фотограф кетіп қалыпты.

– Кешіктіңіз, – деп қыз мұңайды.

– Маған фотоға түсу емес, тек фотоны алып кетсем болғаны. Ертең таңертеңге керек еді. Сіздер қай уақытта ашыласыздар?

– Тоғызда.

Тоғыздан он бес кеткенде кездесуім бар еді. Үлгере алмаймын. Құрып кеткір. Уайымдағаным байқап қалса керек, қыз:

– Білесіз бе, Дәурен аға кілтті тастап кетеді. Қаласаңыз іздеп көруге болады, бірақ ол ұзақ уақытты алады.

– Әрине! – қуана келістім. – Мені қалай құтқарғаныңызды елестете алмайсыз.

– Жарайды, – деп күлімді қыз. – Тек сыртқы есікті жауап тастаңыз, әйтпесе менің бөлімім әлі ашық.

Мен есікті кілттеп қыздың соңынан ердім. Ол үcтел үстіндегі кішкентай ғана лампаны қосып, папкаларды ақтара бастады. Есік алдында тұрып жан-жағыма, кейін қыздың өзіне қарай бастадым. Оның фигурасы керемет екен, ал түрінің әдемі екенін бірден байқағанмын. Жас екен, шамасы жазғы демалыс кезінде ақша тауып жүрген студент секілді. Папкаларды ақтарып жатып аяғын, үстелге қарай еңкейе түсті. Оның санынан келетін көйлегінен оның бөксесі әдемі көріне түсті.

1 2 3 4

Leave a Comment